«Әлди-әлди ақбөпем» әжесінің бесік жыры челленджі » «Ұлан» балабақшасы
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ұзынағаш ауылындағы «Ұлан» балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 2-25-44
Есепші бөлімі:
+7(775) 268-36-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
12
қараша
2022

«Әлди-әлди ақбөпем» әжесінің бесік жыры челленджі

2022 жылдың  20 шілдесінде Алматы облысы Жамбыл ауданы КМҚК «Ұлан»бөбекжай-бақшасы бойынша балалар жылы  аясында халық педагогикасының мәйегіне айналған халықтың төл тарихының, дәстүрлі мәдениетінің, дүниетанымының көрінісі бар ұлттық тәрбиенің кәусар бұлағы бесік жырын отбасында әженің,ананың орындауында  көрсетіп балалар бойында  ұлттық тәрбиенің нәрін сіңіру, үлкенді кұрметтеуге, отбасылық дәстүрлерді ұғынуға тәрбиелеу мақсатында «Анам, әкем және мен – тату-тәтті отбасы»апталығының «Әлди-әлди ақбөпем» әжесінің бесік жыры челленджі топтар арасында ұйымдастырылды. Челленджге әр топтан қатысқан әже -аналар 
Исабекова Күләш Жүнісбекқызы ,Матыбаева Теңгебала Өмірбекқызы ,Мағлұмхан Ділназ Берікқызы,Вильданова Ильмина Талғатқызы 
бесік жырларын әртүрлі нақышта орындап балаларға  қуанышты көңіл-күй 
сыйлады .Әсіресе , 83 жастағы көнекөз әжеміз  Исабекова Күләш Жүнісбекқызы орындаған бесік жырын балалар қызыға тыңдады.Челленджге қатысқан  әжелер мен аналарға балалар қошемет көрсетсе, балабақша әкімшілігі алғыспен марапаттады.
https://youtu.be/sMC1wsTOk6M
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив