КМҚК «ҰЛАН» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ 2022-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ ДАМУ ЖОСПАРЫ
КМҚК «ҰЛАН» БАЛАБАҚШАСЫНЫҢ
2022-2025 ЖЫЛДАРҒА АРНАЛҒАН СТРАТЕГИЯЛЫҚ
ДАМУ ЖОСПАРЫ
Ұзынағаш ауылы 2022 ж
КМҚК «Ұлан» балабақшасының
2022-2025 жылдарға арналған стратегиялық
даму жоспары
Кіріспе
Әлем жаһандық сын-тегеуріндер кезеңінде өмір сүруде. Бұл жаңа технологиялық жетістіктер мен инновацияларды енгізу. Әлемнің жетекші экономикалары жоғары деңгейдегі адам капиталы есебінен ғана гүлденуге қол жеткізуде. Оған жаңа білім беру стратегиялары мен саясаты ықпал етеді.
Бағдарлама алдағы 3 жылға арналған КМҚК «Ұлан» балабақшасының
қызметінің ең перспективалы бағыттарын анықтауға арналған.Әр адамға сапалы білім қажет. Баланы мектепте оқытудың сәттілігі оның даму деңгейіне және болашақ мектеп оқушысының мектепке дейінгі жастағы тәрбиесіне байланысты
Мақсаты:Балабақшада баланың дамуына жағдай жасау, оның оң әлеуметтенуіне, жеке дамуына, ересектер мен құрдастарымен ынтымақтастық негізінде бастамашылық пен шығармашылық қабілеттерін дамытуға, мектепке дейінгі білім берудің федералды мемлекеттік білім беру стандартына сәйкес балаларды оқыту мен тәрбиелеудің жаңа сапасына көшуге мүмкіндік береді
Стратегиялық даму жоспардың төлқұжаты
Жоспардың атауы: КМҚК «Ұлан» балабақшасының коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорнының «Стратегиялық даму жоспары»
Әзірлеу үшін негіз:
КМҚК «Ұлан» балабақшасының
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорынының «Стратегиялық даму жоспары»
ӘЗІРЛЕУ ҮШІН НЕГІЗ:
Қазақстан Республикасының Конституциясы;
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңы;
Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» стандарты;
Қазақстан Республикасының Президенті Қ. К. Тоқаевтың Халыққа Жолдауы.
«Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуды дамыту моделін бекіту туралы»
ҚР Үкіметінің 12.10.2021 ж№726 Қаулысы
«Білімді ұлт» сапалы білім беру» ұлттық жобасы
Іске асыру кезеңдері: 2022-2025 жылдар
Мазмұны:
- Кіріспе
- стратегиялық даму жоспардың төлқұжаты;
- стратегиялық даму жоспардың тұжырымдамасы;
- балабақшаның стратегиялық даму жоспары;
- балабақшаның туралы ақпарат;
- стратегиялық даму жоспардың бағыты;
- педагог кадрлардың әдістемелік шеберлігін жетілдіру жоспары;
- стратегиялық даму жоспардың жүзеге асу кезеңдері;
- стратегиялық жоспардың нәтижесі.
Стратегиялық даму жоспардың тұжырымдамасы
Мектепке дейінгі кезеңдегі тәрбие – тұлғаның қалыптасуының алғашқы баспалдағы. Осы кезде игерген баланың рухани байланысы өмір бойына із қалдырып, оның дұрыс жетілуіне негіз болады. Сол себептен мектепке дейінгі ұйымдарда баланың тәрбиесі мен біліміне үлкен мән беріліп, бүлдіршіндерге тәлім-тәрбие беретін мамандарды даярлау мен бөбекжай-бақшаларды көбейту ісіне мемлекетіміздің тарапынан үлкен қолдау көрсетілуде. Бәсекелестікке қабілетті мемлекеттің кез-келген ұйымының алға жылжуы еліміздің көркеюіне септігін тигізеді. Сондықтан да ұсынылып отырған «Стратегиялық даму жоспары» 2021-2025 жылдарына жоспарланып, балабақшаның балаларының салауатты өмір салтын қалыптастыруға, педагогтердің кәсіби деңгейін көтеруге және мекеменің материалдық-техникалық базасын заман талабына сай жабдықтауға арналған.
КМҚК«Ұлан» балабақшасының «Стратегиялық даму жоспары» бірқатар мемлекеттік нормативтік құжаттарға, атап айтқанда Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының «Білім туралы», «Тіл туралы» Заңдарына, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті «Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың» стандартына негізделіп жасалды.
Бөбекжай-бақшаның стратегиялық даму жоспары
Бөбежай-бақшасының стратегиялық даму жоспары-мекеменің мақсаттары мен міндеттерін, жұмыс жүйесін, инновациялық бағытын анықтайтын бағдарламалық құжат. «КМҚК«Ұлан» балабақшасының стратегиялық даму жоспары 2022 - 2025 оқу жылдарына арналған.
Мақсаты: балалардың денсаулығын нығайту, мектепте жүйелі білім алуға дайын тұлғаны даярлау, рухани –адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Мектепке дейінгі білім беру стандартына сай бөбекжай-бақшаның тәрбиелеу және білім беру жүйесін жаңарту жұмысын жүргізу;
2. Балалардың денсаулығын сақтау, салауатты өмір салты құндылықтарына дәстүрден тыс әдіс-тәсілдерді қолданып, балалардың өмір қауіпсіздігін қорғау;
3. Жаңа технологияларды қолдану арқылы балалардың жан-жақты дамуна ықпал ету;
4. Бөбекжай-бақшадағы басқару жүйесінің жаңа кұрылымын жасау;
5. Әдістемелік жұмыс жүйесін жаңаша құру;
6. Балаларды қоғамның белсенді азаматы болуына, үйлесімді дамуына, әдемілікті сезіне білуге тәрбиелеу;
7. Баланың дене және танымдық эстетикалық дамуы үшін қауіпсіз жағдайлар мен мүмкіндіктер жасау;
8. Педагогтардың инновациялық бастамаларына қолдау көрсету;
9. Мекеменің заманға сай материалдық-техникалық базасын қалыптастыру;
10. Педагог кадрлардың электрондық портфолиосын жасау, біліктіліктерін арттыру, сапалық кұрамды жетілдіру;
11. Баланың бойында рухани-патриоттық құндылықтарды тәрбиелеу.
Күтілетін нәтиже: Балаларды үйлесімді дамуына, педагог кадрлардың жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасалынады, стратегиялық жоспардың жобасы дайындалады. Әдістемелік-инновациялық жұмыс бағытының жоспары құрылады.
Бағдарламаның өзектілігі: «Қазіргі заман талабына сай, жан-жақты жетілген, бойында ұлттық сана мен ұлттық психология қалыптасқан, имандылық әдебі, парасаты бар ұрпақ тәрбиелеу, өсіру, білім беру бүгінгі отбасының, балабақшаның, барша елдің, халықтың міндеті»
Жас ұрпақты тәрбиелеу жұмысының негізі ең алдымен отбасында қаланып, балабақшада жалғасатыны белгілі. Бүгінгі жас ұрпақ болашағының ірге тасының берік қалануы үшін, балабақшада берілетін білім мен тәрбиені дұрыс қалыптастыру педагогтердің қолында.
Біздің басты мақсатымыз: Қазақстан Республикасының метепке дейінгі білім беру стандартының негізгі ережелері мен талаптарын басшылыққа ала отырып, білім салаларында білім алу құзыреттіліктерін қалыптастыру. Бүгінгі күні әлемдік ақпараттық білім деңгейін көтерудің тиімді жолы – білім беру саласын толықтай ақпараттандыру.
Қазіргі заман педагогінен тек өз мамандығының терең білгірі болуы емес, тарихи танымдық, педагогикалық-психологиялық сауаттылық талап етіледі. Сонда ғана заман талабына сай білім беруде жаңалыққа жаны құмар, шығармашылықпен жұмыс істейтін, тәрбие мен оқу ісіне белсене қатысатын, оқытудың жаңа технологиясын шебер меңгерген, білігі мен білімі жоғары педагог бола алады. Бірақ мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтумен қатар, рухани-адамгершілікке, патриоттыққа тәрбиелеу – қазіргі заман талабының сұранысы.
Бөбекжай-бақшада тәрбиеленуші балалар денсаулығы мықты, салауатты өмір салтын сақтайтын, өз ана тілінің базалық құндылықтарын игерген, қарапайым сөйлеу дағдылары қалыптасқан, интеллектуалды дамыған тұлға болуы тиіс. Балабақшаның материалдық базасын толықтыру, педагогтардың заман талабына сай жұмыс жасауына жағдай жасау, ұжымда жағымды ахуал қалыптастыру.
Стратегиялық даму жоспардың болжамдық бағыты: Егер мектеп жасына дейінгі балалардың денсаулығын нығайтуға және тәрбиелеуге жағдай жасалып, балабақшаның материалдық-техникалық базасы заман талабына сай жабдықталса, педагогтердің білімін жетілдіруге балабақша әкімшілігі тарапынан қолдау көрсетілсе, жаңа талаптарға сай оқу-әдістемелік құралдар әзірленсе, балалардың интеллектуалдық дамуына жағдай жасалса, онда шығармашыл тұлға қалыптасып, өз ісіне кәсіби шебер педагогтердің жұмыс жасауы қамтамасыз етіледі.
Стратегиялық даму жоспардың тиімділігі: Мектеп жасына дейінгі балаларды заман талабына сай тәрбиелеу үшін балабақша түлегінің моделі жасалып, педагогтердің жаңа технологияларды қолдануына әдістемелік мүмкіндіктер туындайды.
Стратегиялық даму жоспардың тұтастығы: Балалардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескере отырып, балалардың саналы тәрбиеленіп, сапалы білім алуы үшін педагогтердің білімін жетілдіру, «Ата-ана-бала-мектеп» сабақтастығын орнату, балабақшаның материалдық-техникалық базасын нығайту.
Күтілетін нәтиже: Педагогикалық үрдісте жаңа технологияларды қолдану, балалардың денсаулығын нығайту, тілдік-коммуникативтік құзыреттілігін арттыруға жағдай жасалды. Балабақшаның стратегиялық даму жоспарының жобасы жасалды. Педагогтың шығармашылықпен жұмыс жасауына ахуал қалыпты. Әдістемелік инновациялық жұмыстың жаңа үлгісі құрылды. Мектеп қабырғасына барып білім алуға жан-жақты дамыған тұлға дайындалды.
.
МЕКЕМЕ ТУРАЛЫ АҚПАРАТТЫҚ АНЫҚТАМА
Атауы: Жамбыл ауданы әкімдігінің «Ұзынағаш ауылдық округі әкімінің аппараты» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің «Ұлан» балабақшасы коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны |
Типі: жалпы типтегі балабақша.
Мекен-жайы: МКҚК «Ұлан» балабақшасы Алматы облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы, Қарасай батыр көшесі86 үй. Телефоны 2-25-44. Басшының аты-жөні: Смагулова Бахтыгуль Бейсембаевна
МДМ жұмыс уақыты: бес күндік жұмыс аптасы – 10.5 сағат (сағат 7-30-ден 18-00-ге дейін)
Балабақша басқа мекемелермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады: «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мен балабақша арасындағы «Өзара ынтымақтастық туралы келісім» жасалған. Жамбыл аудандық №7 ӨСБ мамандары жыл сайын кездесу ұйымдастырылады. Аудандық балалар ауруханасы
Ағымдағы жағдайы: Кіші «Күншуақ» тобы 3жас ортаңғы «Қызғалдақ» тобы 3 жас «Бәйшешек» тобы , 4 жас ересектер «Бәйтерек» тобы 5 жас мектепалды – «Жауқазын» тобы
Балабақша басқа мекемелермен өзара іс-қимылды жүзеге асырады: «Өрлеу» «Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы «Алматы облысы бойынша педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты» мен балабақша арасындағы «Өзара ынтымақтастық туралы келісім» жасалған. Жамбыл аудандық №7 ӨСБ мамандары жыл сайын кездесу ұйымдастырылады. Аудандық балалар ауруханасы
КАДРМЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТІЛУІ
Педагогикалық кадрлар туралы мәліметтер:
14 педагог қызметкер, оның ішінде 10тәрбиеші және 4 маман
яғни балабақша басшысы -1-музыкалық жетекші- 1 әдіскер- 1 психолог-1
БІЛІМ ДЕҢГЕЙІ БОЙЫНША:Жоғары педагогикалық біліммен – 11
Арнаулы орта мектепке дейінгі біліммен – 3
ЖАС ҚҰРАМЫ: 20-25жас аралығында -0, 26-30 жас аралығында -3 31-35жас аралығында-2, 36-40жас аралығында -0 .41-45жас аралығында – 1, 46-50 жас аралығында -2, 51-55жас аралығында -3, 55-60жас аралығында – 2, 60 жастан жоғары -1
Жалпы педагогтардың 20-30 жас аралығын 0% пайзы құрайды Еңбек өтілі бойынша 10-35 жыл аралығында -9 педагог яғни 64% ал 10 жылға дейінгі -5 педагог. Жалпы үлесі 36% пайыз .Жас маман-1 жалпы үлесі 1% пайыз ғана БІЛІКТІЛІК САНАТЫ БОЙЫНША МӘЛІМЕТ
Біліктілік санаты бойынша 14 педагогтан жалпы үлесі 86%
Үшінші дәрежелі басшы -1Педагог-шебер-1
Педагог-сарапшы-1Педагог-модератор-5
Бірінші білітілік санат-3Екінші біліктілік санат-2
Еңбек өтілі бойынша 10-35 жыл аралығында -10 педагог -83 % ,
10 жылға дейінгі -2 педагог - 17% .
Балабақшаның нормативтік құжаттарға сүйеніп, мектепке дейінгі ұйымдардың бағдарламаларының талабына сай жұмыс атқарады.
Балабақшаның материалдық-техникалық базасы :
Әдістемелік кабинет-1
Музыкалық зал – 1
Медициналық бөлме-1
Балабақша екі қабатты, типтік үлгіде салынған, жылу жүйесі мен су құбыры орталықтандырылған.
Негізгі қызмет түрі: Балалардың денсаулығын сақтау, тәрбие мен оқыту, сауықтыру, интеллектуалды дамыту, еңбекке баулу, рухани-адамгаршілікке, отан суйгіштікке тәрбиелеу.
Басты қызмет: Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды ұйымдастыру.
Жалпы типтік үлгіде салынған . Тәбие мен оқыту мемлекеттік тілде.
Балабақшада балалардың жас ерекшеліктері 2-6 жасты құрайды .
Балабақшада тәрбие мен оқыту процесі жылдық жоспар негізінде жүзеге асырылады.
Стратегиялық даму жоспардың бағыты
Мақсат: Балаларды шынықтыру-сауықтыру жұмысының кешенді құрылымын қамтамасыз ету және интеллектуалды-танымдылықты қабілеттерін дамыту.
Дене тәрбиесі
Бастапқы міндеті | Нәтижеге жету |
1. Баланың денсаулығын сақтау және нығайту, шынықтыру шараларын жасау, дене жаттығуларын жасауға қызығушылықтарын арттыру. 2. Қимыл-қозғалыс арқылы биологиялық және физикалық қажеттілігін қанағаттандыру, жағымды эмоционалды көңіл күй ортасын жасау. 3. Баланың өсуі мен физикалық дамуы мақсатында тиімді тамақтануды ұйымдастыру | 1. Дені сау, тәні шыныққан баланы тәрбиелеу. 2.Баланың психо-физикалық жағдайын жақсарту мақсатында қолданылатын әдіс-тәсілдер: аутотренинг, релаксация, психо-жаттығулар, медиатация жаттығулар. 3. Дәрумендерге бай табиғи тағамдарды қолдану. |
Патриоттық –құқықтық тәрбие
1. Өз Отанын сүюге тәрбиелеу. 2. Қазақстанның патриоттық және мәдени-тарихи дәстүрлері негізінде жалпыадамзаттық, мәдени және адамгершілік құндылықтарды дарыту. 3. Өз тілін құрметтеп, өзге тілді үйренуге қызығушылық танытуға тәрбиелеу. 4. Жеке тұлға ретінде баланың әлеуметін қорғау. | 1.Мектеп жасына дейінгі баланы патриоттық сезімде рухани дамыған тұлға ретінде тәрбиелеу. 2.Қоғамның заңын жауапкершілікпен атқаруға, өзінің құқымен бостандығын дұрыс пайдалана білуге, өзінің іс-әрекетіне жауап бере білуге тәрбиелеу. 3.Баланың бойына рухани-адамгершіліктің жағымды қасиеттерін сіңіру. |
Интеллектуалды-танымдылықты дамыту
1. Баланың танымдылық қабілетін дамытуда жаңа технологияны пайдалану. 2. Жеке және жас ерекшелігіне сай қабілетін дамыту арқылы дарынды балаларды анықтау, оқу қызметте қызығушылығын арттыру. 3. Баланың тілін-танымдық қабілеттерді дамыту арқылы жетілдіру. | 1. Баланы жаңа технологияларды қолдану арқылы логикалық ойлау, шығармашылық және сөйлеу қабілеттерін дамыту 2. Баланың жеке басының іс-әрекетіне баға беруге, жаңалықты көріп іс-жүзінде пайдалануға үйрету. 3.Көркем сөздерді қолдануды үйрету. |
Тілдік-құзыреттіліктің дамуы
1. Дыбыстарды анық айтуға дағдыландыру. 2. Қазақ тілінің құндылықтарымен таныстыру, (орыс, ағылшын тілдеріне қызығушылық таныту). | 1. Қазақ тілінде бірнеше сөздер арқылы сөйлем құрастырып, ертегілерді, қойылымдарды, көріністерді сомдауға қызығушылықтарын арттыру. 2. Өз тілін құрметтеп, өзге тілдерге де қызығушылық танытатын тұлға тәрбиелеу. |
Ұлттық тәрбиені қалыптастыру
1.Әдептілік әліппесін меңгеру. 2. Ұлттық тәрбие қалыптастыру. 3. Салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын сақтау. | 1. Әдептілікті бойына сіңіру, сыпайлық пен адамгершілікке баулу. 2. Ұлттық ойындар арқылы ұлттық сана-сезімін дамыту. 3. Ұлттық құндылықтарды сақтап, тілін, елін, жерін кұрметтеуге тәрбиелеу. |
2022-2025 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспардың кезеңдері
І-кезең | 2022-2023оқу жылы |
ІІ-кезең | 2023-2024 оқу жылы |
ІІІ-кезең | 2024-2025оқу жылы |
Стратегиялық даму жоспардың І кезеңі 2022-2023 оқу жылы
Мақсаты: Денсаулықты сақтау, балалардың рухани тұлғасын қалыптастыру, «Ата-ана-бала-педагог» сабақтастығында ұлттық құндылықтарды таныстыру, тілдік-құзіреттіліктерін дамыту, педагогтардың кәсіби құзыреттілектерін арттыру, балабақшаның материалдық-техникалық базасын жетілдіру және балабақшаның ауласын безендіру, бау-бақша егіп, балаларға еңбек етуге жағдай жасау.
Міндеттері:
1.Баланы шағын жобаларды зерттеуге үйрету;.
2. Балаларды өз тілін құрметтеуге, отансүйгіштікке тәрбиелеу;
3. Педагогтардың кәсіби құзыреттіліктерін жетілдіру, тәрбие мен оқыту үрдісінде инновациялық әдіс-тәсілдерді қолдануға жағдай жасау, шығармашылық қабілеттерін арттыру;
4.Балабақша мен отбасындағы сабақтастықты нығайту;
5. Балабақшаның материалдық техникалық базасын толықтыру;
Күтілетін нәтиже:
Дәстүрден тыс әдістерді қолдануда балалардың денсаулығын нығайту.
«Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламалық мақала аясында бірнеше шағын жобалар жүзеге асады, тілдік-коммуникативтік құзыреттілікті қалыптастыруда жағымды орта жасалады. Жас мамандарға арналған консультациялық пункт ережесі құрылады. Балабақшаның жеке сайты әлеуметтік желіде фейсбук.инстаграмм, ютуб каналдары бар
Балабақшаның материалдық- техникалық базасы толықтырылады.
№ | Іс-шаралар | Жауапты | Мерзімі |
1 | Жаңа оқу жылына дайындалуға педагогтарға кеңес беру, «Рухани-адамгершілік» мұражай ашу, бөбекжай-бақшаның ауласында. | Балабақша басшысы, әдіскері, педагогтар | Тамыз |
2 | Педагогтарды 2022-2023 оқу жылына арналған әдістемелік нұсқау хатпен таныстыру | Балабақша басшысы, әдіскер | Қыркүйек |
3 | Ата-аналарға «Робототехника балабақшада» тақырыбында кеңес өткізу | Басшы, әдіскер, педагогтар | Қазан |
4 | Педагогтердің электронды портфолиосын әзірлеу, | Балабақша басшысы, әдіскер | Жыл бойы |
5 | Өзара ҰОҚ қатысып, көрмелер ұйымдастыру. | Басшы, әдіскер, педогогтар | Жыл бойы |
6 | Жаңа инновациялық технологияларды меңгеру барысында семинарлар, дөңгелек үстелдер ұйымдастыру | Басшы, әдіскер, педогогтар | Жыл бойы |
7 | Жазғы сауықтыру іс-шаралар «Дені саудың-тәні сау» | Басшы, әдіскер, педогогтар | Маусым, шілде, ақпан |
8 | «Робототехника ойындары» аймағын жабдықтау | Басшы | Жыл бойы |
9 | Интеллектуалды дамытушы ойындар алаңының заттық-дамытушы аймағын жасақтау | Басшы | Жыл бойы |
10 | «Біздің кітапхана» бұрышын жасау | Балабақша басшысы | Жыл бойы |
11 | Психология кабинетін жабдықтау | Балабақша басшысы | Жыл бойы |
Стратегиялық даму жоспардың ІІ кезеңі 2023-2024 оқу жылы
Мақсат: Балалардың денсаулығын сақтау және салауатты өмір салты құндылықтарын қалыптастыру, спорттық ойын іс-шараларға балалар мен ата-аналарды тарту.
Міндеттері:
1. «Балабақша және отбасы» ынытымақтастығында мектеп жасына дейінгі балаларды денсаулығын сақтау және нығайтуды қалыптастыру;
2. Балаларды әсемдікті көріп сүюге, мәдениеттілікке тәрбиелеу;
3. Табиғатты қорғауға, аялап-баптауға ынталандыру;
4. Педагогтердің тәрбиелеу-оқыту үрдісін дәстүрден тыс әдістерді қолдану арқылы бастамаларына басшылық жасау;
5. Педагогтардың кәсіби деңгейін көтеру;
6. Балабақшаның материалдық-техникалық базасын толықтыру жұмыстарын жалғастыру;
7. Педагогтарды әдістемелік кұрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, мадақтау арқылы ынталандыру.
Күтілетін нәтиже:
Денсаулық сақтау технологиялары арқылы балалардың денсаулығын нығайтады, өмір қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Педаггтардың шығармашылық ізденістеріне қолдау көрсетеді, Балабақшаның материалдық-техниқалық базасы толықтырылады, кабинеттер әдістемелік құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіледі.
№ | Іс-шаралар | Жаупты | Мерзімі |
1. | Жаңа оқу жылына дайындық. | ||
2 | Балабақшада топтардың денсаулық сақтау күндерін белгілеп, «Дені саудың - тәні сау» атты іс-шараны ата- аналармен өткізуді жалғастыру. | Әдіскер Психолог Тәрбиешілер медбике | Қыркүйек Қаңтар сәуір |
3 | Мониторинг жүргізу арқылы балалармен жүргізілетін жеке жұмыстарды анықтап алу. | Логопед Әдіскер Психолог тәрбиешілер | қыркүйек |
4 | Психологиялық қызметті күшейту. «Мен бақытты баламын» атты психологиялық тренингтер жүргізу. | Психолог | қазан |
5 | «Мен сияқты сөйле»балалармен жеке жұмыс жүргізу . | Логопед Әдіскер Психолог тәрбиешілер | қараша |
6 | Жаңартылған білім беру мазмұнына көшу барысында «Педагогикалық идеялар жармеңкесін» ұйымдастыру | Балабақша басшысы,әдіскер, педагогтар | желтоқсан |
7 | Аудандағы басқа мектепке дейінгі ұйымдармен іс-тәжірибе алмасу, | Балабақша басшысы,әдіскер | Жыл бойы |
8 | Робототехниканы жүргізу барысында әлеуметтік институттармен ғылыми байланыс орнату | Балабақша басшысы әдіскер | Жыл бойы |
9 | Балалардың өнерін шындау барысында әр-түрлі театрлар мен сахналық қойылымдарды ұйымдастыру барысында ата-аналарды іс-шараға қатыстыру | Әдіскер педагогтар | Жыл бойы |
10 | Балабақшаның ауласын көгалдандыруды жалғастырып, бау-бақшаны кеңейту | Әдіскер Педагогтар Шаруашылық меңгерушісі Ата-аналар | Наурыз-мамыр |
11 | Топтардағы заттық- дамытушы орталарды бес білім саласы бойынша толықтыруды және жаңартуды жалғастыру | Балабақша басшысы Әдіскер Педагогтар | Жыл бойы |
12 | Қауіпсіздік ережелерге сәйкес турлі іс-шараларды өткізу. | Әдіскер Педагогтар Медбике | Қараша қаңтар мамыр |
Стратегиялық даму жоспардың ІІІ кезеңі 2024-2025 оқу жылы
Мақсаты:
Балабақшадағы балаларды тәрбиелеу мен білім беру барысында 4К моделі негізінде жоспарлау ерекшеліктерін ескеру.
Интеллектуалды және логикалық ойындарға балалардың қызығушылығын арттыру. Балалардың бойына рухани-адамгершілік қасиеттерді сіңіріп, ұлтжандылыққа тәрбиелеу.
Материалдық – техникалық базаны заман талабына сай жабдықтау.
Міндеттері:
1. Әдістемелік жұмыс жүйесін жаңаша құру;
2. «Интеллектум ойындарының» пайдасы мен бала психологиясына әсерін ата-аналарға түсіндіру;
3. Жас мамандардың кәсіби деңгейін көтеру, «Тәлімгерлер мектебін құру»;
4. Педагогтерге психологиялық-педагогикалық қолдау көрсету;
5. Баланың бойында рухани-патриоттық құндылықтарды тәрбиелеу мақсатында педагогтердің білімін жетілдіру;
6.Оқу-қызметінде қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдерді тәжірибе жүзінде көрсету;
7. Балабақшаның материалдық-техникалық базасын заман талабына сай толықтыруды жалғастыру.
Күтілетін нәтиже:
Балабақшада баланың үйлесімді дамуына жағымды ахуал қалыптасады.
Интеллектуалды даму бағыты анықталады. Жаңа технологияларды қолдану арқылы балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалады, педагогтердің кәсіби деңгейі көтеріледі. Мекеменің материалдық-техникалық базасы нығайтылады. Мектепке қажетті біліктер мен дағдыларды игерген мектепке дейінгі ұйым түлегінің моделі дайындалады.
№ | Іс-шаралар | Жауапты | Мерзімі |
1 | Жаңа оқу жылына дайындық | ||
2 | Жаңа оқу жылында баланың жеке және жас ерекшеліктеріне сәйкес мониторинг жүргізу. Педагогтерді керекті әдістемелік құрал-жабдықтармен қамтамасыз ету. | Балабақша басшысы,әдіскер | Тамыз |
3 | Балалардың денсаулығын нығайту барысында түрлі спорт ойындар мен «Фито-шайлар» жұмыстарын ұйымдастыру | Балабақша басшысы Медбике | Жыл бойы |
4 | Оқу қызметінде қолданылатын инновациялық әдіс-тәсілдерді іс-тәжірибе жүзінде көрсету | Әдіскер. тәрбиешілер | Жыл бойы |
5 | «Робототехника -балабақшада» жобасын түрлендіру арқылы балалар мен ата-аналармен жұмысты жалғастыру | Әдіскер. тәрбиешілер | Жыл бойы |
6 | «Бәрін білгім келеді» балалар ман ата-аналар бірлестігіндегі интеллектуалды ойын | Әдіскер. Тәрбиешілер Ата-налар | ақпан |
7 | Балалардың шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында ойын-сауық кештерін ұйымдастырып, сюжетті рөлді ойындарды заман талабына сай жинақтау. | Әдіскер. тәрбиешілер | Жыл бойы |
8 | Балалардың жас және жеке дара ерекшеліктерін ескеріп, сергіту жатығулар, әндер, ойындар жинағын әзірлеу. | Әдіскер,тәрбиешілер Музыка жетекшісі | Жыл бойы |
9 | Жаздық ойын кештерін және шынықтыру шараларын қадағалау. | Әдіскер,медбике | Маусым-тамыз |
10 | Педагог кадрлардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру. | Балабақша басшысы,әдіскер | Жыл бойы |
11 | Әдістемелік нұсқаулықтар әзірлеп, авторлық бағдарламаларды жарыққа шығару. | Әдіскер, тәрбиешілер | Маусым |
Педагог кадрлардың педагогикалық шеберлігін жетілдіру қызметінің жоспары
Оқу жылдары | Жоспар | Мазмұны |
2022-2023ж | 1. Оқу әдістемелікпен құралдармен, әдістемелік нұсқаулықтармен қамтамасыздандыру; 2. Ақпараттық ресурстармен қамтамасыздандыру; 3. Инновациялық технологияларды оқыту үрдісіне ендіру; 4. Біртұтас педагогикалық тәжірибе қалыптастыру. | Тиімді басқару және шешім шығаруына қажетті мәлімет банкісін анықтау; Заман талабына сай педагогтерге оқу-тәрбие процесінің ұйымдастыруына көмек беру, теориялық материалдарды талдау. Заттық-кеңістіктік даму орталығының бағдарламаға сәйкестігін талап ету. |
2023-2024ж | 1. Ғылыми-әдістемелік орталығымен қамтамасыз ету, жоғарғы оқу орындарымен байланыс орнату; 2. Аттестациялық-диагностикалық қамтамасыздандыру; 3. Алынған нәтижелерді жинақтау және педагогтердің шеберлігін арттыру; 4. Инновациялық технологиялары арқылы ғылыми-зерттеу жұмыстарының әдіс-тәсілдерін анықтау. | Оқу-тәрбие процесін заман талабына сай ғылыми жетістіктердің есебімен және алдыңғы қатарлы педагогикалық тәжірибе арқылы іскерлік деңгейінің жоғарылауын қамтамасыз етеді. Тәрбие мен оқу процесіндегі ауытқуларды бекіту және іскерлік шеберлігінің деңгейін, жұмыстың нәтижелерін уақтылы бағалау. |
2024-2025ж | 1. Педагогикалық процесті жетілдіру барысында инновациялық технологияларды қолдану тәжірибесін көпшілікке тарату және енгізу. 2. Нормативтік-құқықтық құжаттармен қамтамасыз ету 3. Материалдық-техникалық және қаржылық қамтамасыздандыру | Мектепке дейінгі білім беру жүйесі заман талабына сай жалпы бағытты дамудың шешімі болып табылады. Мектепке дейінгі ұйымдарда әр педагогтердің құқықтық қорғауы, әлеуметтік-психологиялық және іскерлік қолдауы арқылы шығармашылық жағдай жасалады. Ұжымда педагогикалық бірлік кредосы қалыптасады. Балалармен ұйымдастырылған жұмысты заман талабына сай деңгейге шығарады, әр түрлі заттық орта тәрбие мен білімді қалыптастырады. |
Қорытынды
КМҚК «Ұлан» балабақшасы мемелекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорынының «Стратегиялық даму жоспары»-2022-2025 жылдар аралығындағы ауқымды міндеттерді жүзеге асыратын перспективалық жоспар.
Білім берудегі жағдай жаңартылған білім беру мазмұнын жаңарту, адамгаршілік құндылықтарды қалыптастыру сияқты оң тенденциялармен ғана ерекшеленіп қоймай, отбасы мен балабақша арасындағы байланыстың әлі де өз деңгейінде болмауымен де ерекшеленеді. Бұған себеп ретінде ата-аналардың жұмыс бастылығын, әлеуметтік деңгейдің төмендеуін, отбасылық құндылықтың жоғалуын т.б. келтіруге болады.
Сондықтан білім ордалары адамгершілік карым-қатынастың, құндылықтарды қалыптастырудың, жеке тұлғаны дамытудың ошағы ретінде әрекет етуге бағытталған. Қазіргі балабақшаның Миссиясы тек балаларға адамгершілік, коммуникативтілік, ынтымақтастық мекені болып қана қоймай, ата-аналардың да бала тәрбиесіндегі сенімді серіктесіне айналу құзырына да ие болу маңызы. Әсіресе, бұл ынтымақтастықты қалыптастыру балабақшада ерекше орын алады.