Egov бұрышы туралы » «Ұлан» балабақшасы
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ұзынағаш ауылындағы «Ұлан» балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 2-25-44
Есепші бөлімі:
+7(775) 268-36-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
қазан
2025

Egov бұрышы туралы


Өз-өзіне қызмет көрсету бұрышы

Қазақстанда мемлекеттік қызметтерді электронды түрде алу ретін барынша ыңғайлы ету үшін ХҚО ғимаратынан тыс жерде өз бетінше қызмет алуға болатын eGov бұрыштары жұмыс істейді. Бұрыштар облыс әкімдіктері, оқу орындары, медициналық ұйымдар, сауда және ойын-сауық орталықтарының ғимараттарында орналасқан.Сондай eGov бұрышы  КМҚК «Ұлан»бөбекжай –бақшасында да  жұмыс істейді. Бөбекжай  ғимаратында орналасқан eGov бұрышында өз бетінше виртуалды көмекшінің көмегімен электрондық цифрлық қолтаңбаны алуға және азаматтардың мобильді базасында тіркелуге болады. Өзіне- өзі қызмет көрсету бұрышы” арқылы ата-аналар  өздеріне қажетті мемлекеттік қызметтерді  алуға мүмкіндіктері бар. Балаларды МДҰ-ға қабылдау мемлекеттік көрсетілетін қызметі портал немесе ақпараттандыру объектілері арқылы жүргізіледі.

       "Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 14-бабының 3-1) және 4)-тармақшаларында көрсетілген балаларды қабылдау жөніндегі мемлекеттік көрсетілетін қызметтің негізгі талаптары Қағидаларға "Мектепке дейінгі ұйымдарға құжаттарды қабылдау және балаларды қабылдау" мемлекеттік көрсетілетін қызметке қойылатын негізгі талаптар тізбесі" (бұдан әрі – Талаптар тізбесі) деп аталатын 2-қосымшада көрсетілген.

        Қызметті алушы МДҰ-ға қабылдауға берілген жолдаманың белгіленген қолданылу мерзіміне сәйкес барлық құжаттарды жинағаннан кейін Қағидаларға 6-қосымшаның 8-тармағына сәйкес "Электронды үкімет" порталы (бұдан әрі - портал) немесе ақпараттандыру объектілері арқылы қабылдау үшін құжаттарды ұсынады.

        Егер портал қызметі бойынша сұрақтар туындайтын болса, қызмет алушы бөбекжайдың мемлекеттік қызмет көрсетуге тағайындалған  жауапты маманнан  немесе  1414 байланыс орталығына қоңырау шалып ақпарат алуға мүмкіндік бар




«АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНЫҢ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЖАМБЫЛ АУДАНЫ БОЙЫНША БІЛІМ БӨЛІМІ» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ «ҰЛАН» БӨБЕКЖАЙ-БАҚШАСЫ КОММУНАЛДЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚАЗЫНАЛЫҚ КӘСІПОРЫНЫ

Байланыс нөмірі:8 (72770) 2-25-44

Біздің мекен-жайымыз: ҚР, Алматы облысы  облысы, Жамбыл ауданы, Ұзынағаш ауылы ,Қарасай батыр көшесі 86 үй

Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив