ҚР Оқу-ағарту министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуі » «Ұлан» балабақшасы
Алматы облысы білім басқармасының
Жамбыл ауданы бойынша білім бөлімінің
"Ұзынағаш ауылындағы «Ұлан» балабақшасы"
коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны
Қабылдау бөлімі :
+7(72770) 2-25-44
Есепші бөлімі:
+7(775) 268-36-76
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚР Оқу-ағарту министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуі
11
қараша
2022

ҚР Оқу-ағарту министрінің халық алдындағы есеп беру кездесуі

03.11.2022жылы Қонаев қаласында Оқу- ағарту министрі Аймағамбетов Асхат Қанатұлының Алматы облысы бойынша халыққа есеп беру кездесуіне қатыстым. Есеп беру барысында "Жайлы мектеп" жобасы аясында жоғары стандарттармен мектептер салынатынын, басшылардың ротация мәселесіндегі енгізілетін өзгерістерді, мектептерде Абайдың  "Толық адам" тәрбие концепциясын бірізділікпен жүзеге асыру, мектепке дейінгі ұйымдарда ерекше білім беруді қажет ететін балаларға қолайлы жағдай жасауда Педагог ассистент штатын қарастыру, сонымен қатар, білім беру мекемелерінде тамақтандыру жүйесін дегі  өзгерістерге тоқталып, бұдан да басқа түйткілді мәселелер барысын түсіндіріп берді. Осы оңтайлы кездесу барысында Асхат Қанатұлына балабақшада биылғы оқу жылындағы өзгертілген бағдарлама мамұнын талапқа сай жүзеге асыруда әдістемелік көмекші құралдар шығарылса деген ұсынысыма жағымды қуанышты жауап алдым. Әріптестер, алдағы уақытта Балаларды ерте дамыту институты тарапынан Оқу-ағарту министрлігінің тапсырмасы аясында әдістемелік ұсыным дайындалып жатқанын қуана хабарлаймын. 👍👏👏👏баршаңызға бала тәрбиесіндегі ерен еңбектеріңізге толағай табыстар тілеймін! Бас ұстазбен кездесуден алған әсерім өте керемет!!!
Прокомментировать
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив