Психолог кеңесі
2-3 жастағы балалар үшін балабақшаға бейімделу күрделі үрдіс. Бейімделу уақытында баланың эмоционалдық жағдайы көптеген өзгерістерге түседі.
Сондықтан кеңес береміз:
* Үйдегі жағдайды баланыз келетін топтың күн тәртібімен бірдей етіп ұйымдастыруға тырысыныз;
* Балабақшаның тамақтану ас мәзірімен танысып баланың үйдегі тамақтануына балабақшада ішетін тамақтар түрін қосыныз;
* Үйдегі жағдайда баланың өзіне-өзі қызмет етудің алғы шарттарына үйрете беріңіз: жуыну, қолын сүрту,киіну, шешіну, өз бетімен тамақтану, тамақ ішкенде қасықты пайдалану, горшокка сұрану.
*Киімі міндетті түрде өзіне ынғайлы болуы шарт: шалбар не болмаса шорты замоксыз, белдеушесіз.
* Баланың «әлеуметтік ортасын» кеңейтіңіз, ауладағы өзімен құрдас балалармен көбірек ойнатыныз, жолдастарын, құрбыларына қонаққа барсын, атасы мен апасында қонуға қалсын т.с.с. осындай тәжирибе жинақтаған бала өз құрдастарымен үлкендер арасында тез үйренісіп, тіл табысатын болады.
* Балаға жағымды эмоционалдық жағдай жасау қажет, ол көбінесе ата-аналардың тарапына болуы қажет, балабақша туралы, оның өзіне керектігін түсіндіріп, жиі баланызды сүйіп, құшақтап, өз мейірімінізді көрсетіңіз.
* Балаңыздың көзінше балабақша туралы өзіңізді толғандыратын мәселені айтудан аулақ болыңыз. Бала өз ойы мен пікірін айта алмаса да, жаман мен жақсыны жақсы ажырата алады.
* Бірінші күні балабақшаға серуендеп келген дұрыс, тәрбиешімен танысып, балаңызға жаңа достар табуға көмектесу.
* Сондай – ақ балабақшаға өзінін сүйікті ойыншығын алып келуге рұқсат беру керек.
* Бейімделу мерзімінде үйде демалыс кезінде баламен көп шұғылдануды қажет етеді, серуен жасау, күн режимин сақтау, эмоционалдық жүктемесін азайту қажет.
* Бала балабақшаға тек ауырмай келуі керек. ОРВИ ден сақтану үшін түрлі витаминдер және жеміс – жидектер пайдалану қажет, мұрын қуыстарын оксалин мазьмен сылап тұруы қажет.
Егер сіздің балаңыз көпшіл, өз жақындарыңызбен және таныстарынызбен тез тіл табыса білсе, ойын кезінде өздігімен ойнай білсе, мінезі ашық, өз құрдастарымен мейірімді болса, балабақшаға келген күннен бастап – ақ бейімделіп кететініне сеніңіз. Баланың балабақшаға барлық бейімделу уақытында психологпен балабақшаның медико-педогогикалық қызметі бақылауға алынады .