Математикалық ойындар «Шалқан» ертегісі
Алматы облысы Жамбыл ауданы КМҚК «Ұлан»бөбекжай-бақшасы бойынша балалар жылы аясында 2022 жылдың 30 маусым күні апталық жоспарға сай балалардың математикалық ,конструктивтік ойлау дағдыларын, танымдық қызығушылықтарын арттыру мақсатында «Шалқан» ертегісі желісімен көңілді математикалық ойындар ұйымдастырылды.Ойын барысында балалар ертегі кейіпкерлерінің реттік қатарын сандар арқылы көңілді қимыл-қозғалыс жасай жүріп орналыстырды.Музыкамен көркемдеу арқылы сергіту жаттығуларын жасады.