26
мамыр
2022
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесі педагогтерінің аудандық конференциясы
Жамбыл ауданы бойынша "Заманауи мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту: үрдістер, мәселелер " тақырыбында өткен аудандық конференцияда КМҚК "Ұлан " бөбекжай-бақшасының басшысы Смагулова Бахтыгуль Бейсембаевна, психолог маманы Малдыбаева Албина Абдрахмановна, тәрбиешісі Чурекбаева Гулмира Киргизхановна, әдіскер Имандосова Парида тәжірибелерімен бөлісіп, бөлім басшысының алғыс хатымен марапатталды. Әріптестер марапаттарыңыз құтты болсын!!! Әрдайым шығармашылықтарыңызды шыңдап, толағай табыстарға жете беріңіздер! Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы еңбектеріңіз бұдан да жоғары деңгейде елене берсін деп тілейміз!











